Әлем
1 мин оқу 513

Криптовалюталар қымбаттайтын кезең

<p style="text-align: justify;">Жыл соңына дейін бит&shy;&shy;коин&shy;нің бағамы біршама көте&shy;ріледі. IBM блокчейн және ци&shy;фр&shy;лы валюталар жөніндегі вице-президенті Джесси Ланд осындай болжам жасады.</p>

Криптовалюталар қымбаттайтын кезең

 – 2020 жылға дейін бит­коин­­­нің бағасы 5 000 АҚШ дол­­ла­рына көтерілуге тиіс. Одан кейін де қымбаттай бере­ді, – дейді ол. 

Reddit әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Алексис Оганян­ да крип­то­валюталардың құ­ны арта беретінін айтты.­ Yahoo Finance-ке берген сұх­батында ол:

– Криптовалюта нарығын­дағы біраз уақытқа созылған құлдыраудың пайдалы жағы да бар. Бұл индустрияның алыпсатарлардан тазарып, нағыз криптоэнтузиастарға орын­ның көбеюіне әсер етті. Дау­рығу ба­­сылып, криптовалюта ин­фра­­құрылымына тиімді сапалы жобаларға жол ашылды. Биткоиннің да, сатошидің де қымбаттайтын уақыты келген сияқты, – дейді А.Оганян. 

Қазіргі таңда 1 биткоин – 3 788,21 АҚШ долларына немесе 1 423 173 теңгеге тең екенін айта кетейік. 

Арнұр АСҚАР,

«Egemen Qazaqstan»

Бөлісу:
Криптовалюталар қымбаттайтын кезең · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар