Аймақтар
1 мин оқу 420
Баянауылдағы тау-шаңғы базасына келшілер қатары көбейген
<p style="text-align:justify">Баянауыл ауданындағы тау-шаңғы базасы Павлодар облысы тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналып келеді. Мырзашоқыдағы кешенге аймақ басшысы Болат Бақауов барды. </p>

Павлодар облысының әкімі тау-шаңғы базасына келушілермен сөйлесіп, өзі де трассадан сырғанап көрді. Мырзашоқыдағы тау-шаңғы кешеніне павлодарлықтар ғана емес, өзге өңірдің, тұрғындары, мәселен, қарағандылықтар да келеді.
Сонымен қатар, Болат Бақауов кешенді басқаруға алып, оның дамуына инвестиция құйғысы келетін «Мырзашоқы Қаражар» ЖШС-ің өкілдерімен сұхбаттасты. Демалыс күндері тау-шаңғы базасына жүздеген адам келеді. Өткен жексенбіде Мырзашоқыға үш жүздей тау шаңғы спортының әуесқойлары келді.
Бөлісу: