Жаңалықтар
1 мин оқу 600

Күнгейден теріскейге қоныс аударушылар көбейіп келеді

<p style="text-align:justify">Былтыр жыл басынан бері Шымкент қаласынан солтүстік облыстарға 173 отбасы көшуге ниет білдірген.&nbsp; Тіпті 50 шақты отбасы қоныс аударып үлгерген.&nbsp;</p>

Күнгейден теріскейге қоныс аударушылар көбейіп келеді

Жуырда Шымкент қаласына арнайы іссапармен келген пав­лодар­лық делегация қалалықтарға өз ұсы­ныстарын айтып, теріскей өңірге жұмысқа шақырды. 40 шақты бос жұмыс орнын ұсынып отырған павло­дар­лықтар 100-ден аса отбасын баспа­на­мен қамтуға әзір екендіктерін ай­та­ды. Әл-Фараби ауданы әкімді­гін­де жергілікті халықпен кездес­кен қонақ­­тар солтүстікке қоныс аударуға арнал­ған мемлекеттік бағ­дар­ламаны егжей-тегжейлі түсіндірді. 

Сондай-ақ қоныс аударатын отбасына бір реттік жәрдемақы мен баспананы жалға алу ақысымен қоса коммуналдық төлемдері де төле­не­тін­дігін жеткізді. Бұл игі­лікті іс Нәти­желі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағ­дар­ламасы аясында жүзеге асады. 

Өткен жылы Шымкент қаласы жұ­мыспен қамту орталығының ма­ман­дары өтініш білдірген 81 отба­сы­ның Солтүстік Қазақстан, Қоста­най, Пав­­лодар, Шығыс Қазақстан об­лыстары­­на қоныс аударуына ықпал ет­­ті. Осы­­­лайша жұмысқа қабілетті 300-ге жуық тұрғын тұрақты жұ­мыс­пен қам­­­­тылды, дейді мамандар. Олар бү­гін­де түрлі мамандық бойынша жұмысқа ор­на­ласып, тіпті жеке кәсіптерін де дөңгелетіп отыр. 

Қалалық жұмыспен қамту орталы­ғы мамандары сондай-ақ құнарлы солтүстік өңірде төрт түлікті түлетуге мүмкіндік мол екендігін айтады. Биыл жыл соңына дейін 54 отбасын қамтыған тағы 200-ден аса тұрғынды аталған өңірлерге қоныс аударту жоспарда бар.

Нұршат ТӨКЕН,

«Egemen Qazaqstan»

ШЫМКЕНТ

Бөлісу:
Күнгейден теріскейге қоныс аударушылар көбейіп келеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар