Жаңалықтар
2 мин оқу 380

Азия елдерінің студенттері Астанаға келеді

<p style="text-align: justify;">Биыл Назарбаев Университет Азия елдері арасында ірі студенттік конференцияны өткізу алаңы ретінде таңдап алынды. &laquo;The Harvard College Project for Asian and International Relations 2019 Asia Conference (HPAIR 2019 Asia Conference)&raquo; конференциясын өткізу құқығын жеңіп алған университеттің бұл жетістігі аз уақыт ішінде халықаралық дәрежеге еркін қанат жайғанын көрсетеді.&nbsp;</p>

Азия елдерінің студенттері Астанаға келеді

Бұл құқықты жоғары оқу ор­ны Сингапур, Жапония, Қытай, Тайвань және Үндістан уни­вер­ситеттері арасынан озып шы­ғып иеленген.

Назарбаев Университеттің гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің студенті және Назарбаев Университеттің сту­денттік үкіметінің прези­ден­ті, The HPAIR Astana 2019 ұйым­дастыру комитетінің же­тек­­шісі Лейла Ахметова атап өткен­дей, түпкілікті шешім қабыл­дау мақсатында Гарвард уни­верситетінің (АҚШ) HPAIR ұйым­дастыру комитетінің мүше­ле­рінен құрылған делегация жуырда Астана қаласына келіп, Назарбаев Университеттің ұй­ым­­­дастыру комитетінің мүше­­лерімен келіссөздер өткіз­ген. Енді Назарбаев Уни­вер­си­т­ет­тің командасы іс-шараны бірлесіп дайындау мақсатында Гарвардқа аттанады.

Айта кете­тін жайт, HPAIR-2019 кон­­­ференциясы Ас­та­на қала­сында Жас­­тар жылы ая­­сын­­да өт­іп, қазақ­­стандық жас ұр­­паққа жаңа мүм­кіндіктерді ұсы­нады. Іс-шараның күн тәрті­біне алты тақырыптық панель кіретінін айта кеткен жөн. Яғни, әлеуметтік саясат және инклюзивтік даму, әлемдік экономика, қауіпсіздік және дипломатия, бизнес және технологиялар, қоршаған орта­ның тұрақтылығы және энергетика, сондай-ақ мәдениет және медиа бағыттары бойынша секциялар жоспарланып отыр.

Жалпы, Азия және халық­ара­лық қатынастар жөніндегі Гарвард жобасы Азия елдерінде Гарвард университетінің бас­та­масымен өтетін ең ірі сту­дент­тік конференция санала­ды. Келелі жиын студенттер мен жас мамандар үшін Тынық мұхиты аймағындағы және Азия елде­ріндегі ең маңыз­ды эконо­микалық, саяси және әлеуметтік мәселелерді талқы­лау мақса­тында пікірталас ала­ңы ре­тінде құрылған. Кон­фе­­рен­ция 1991 жылдан бастап 32 мың қатысушыны тарта оты­рып, әлемнің 12 еліндегі жо­ға­ры оқу орындарында өтті. Конференцияның бұрынғы спикер­лерінің арасында танымал ғалымдар мен Нобель сый­лығының лауреаттары, дип­ломаттар, халықаралық ұйым­дар­дың басшылары бар.

Мирас АСАН,

«Egemen Qazaqstan»

Бөлісу:
Азия елдерінің студенттері Астанаға келеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар