iKomek орталығы көктемгі маусымға дайындалуға шақырады
<p style="text-align: justify;">Биылғы қысқы маусымда бейнебақылау операторларынан қарды тазалауға қатысты 88 өтінім келіп түсті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.</p>

Қалалық iKomek орталығының операторлары қар мен мұз салдарынан болатын су басу оқиғаларын болдырмау мақсатында су астында қалған орындарды суретке түсіріп, материалдарды санитарлық тазалауға жауапты қалалық қызметтерге жібереді.
«Осылайша, 2018-2019 жылдың қысқы маусымында бейнебақылау операторларынан қарды тазалауға қатысты 88 өтінім келіп түсті. Қазір бұл бағытта жұмыстар қарқынды түрде жүргізілуде», – делінген хабарламада.
Қала тұрғындары қардан, мұздан, сүмелектен тазартуды қажет ететін жерлердің мекенжайларын көрсете отырып, фото/бейнематериалы бар өз өтініштерін iKomek орталығына келесі жолдармен жолдай алады.