Әлем
1 мин оқу 691

Ирандық «Pouya Air» әуе компаниясы Ақтау – Горган бағыты бойынша ұшуды жоспарлап отыр

<p style="text-align: justify;">ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Қазақстанның өңірлері мен көршілес елдердің қалалары арасындағы әуе қатынасы бойынша жолаушылар тасымалы қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін белсенді жұмыс атқаруда. Атап айтқанда, тағайындалған ирандық &laquo;Pouya Air&raquo; әуе компаниясы ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне Қазақстан Республикасында шетелдік тасымалдаушы аккредитациясынан өтуге өтініш берді.</p>

Ирандық «Pouya Air» әуе компаниясы Ақтау – Горган бағыты бойынша ұшуды жоспарлап отыр

«Pouya Air» авиакомпаниясы 2019 жылдың көктемгі-жазғы навигация кезеңінен бастап алғаш рет Ақтау - Горган бағытында тікелей халықаралық рейстерді орындауды жоспарлап отыр. Рейстер жиілігі аптасына 2 рет Embraer-145 әуе кемесімен орындалмақ.  Рейстерді ашу алдағы уақытта Қазақстан мен Иран арасындағы өзара сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ  Ақтау қаласының әуежайына келіп кететін жолаушылар ағынын арттырады.

Бөлісу:
Ирандық «Pouya Air» әуе компаниясы Ақтау – Горган бағыты бойынша ұшуды жоспарлап отыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар