Жаңалықтар
1 мин оқу 1,331

Елбасы көпбалалы отбасыларға арналған 40 000-нан аса жалдамалы тұрғын үй салуға тапсырма берді

<p style="text-align:justify">Елбасы &laquo;Нұр Отан&raquo; партиясының кезекті XVIII съезінде Үкіметке бірқатар тапсырма берді. Солардың бірі &ndash; &laquo;Нұрлы жер&raquo; бағдарламасы аясында жағдайы төмен көпбалалы отбасыларға арналған 40 000-нан аса жалдамалы тұрғын үй салу.</p>

Елбасы көпбалалы отбасыларға арналған 40 000-нан аса жалдамалы тұрғын үй салуға тапсырма берді

Елбасы ол үшін жыл сайын қосымша 50 млрд теңге бөлінетінін мәлімдеді.

Осы ретте «Үкіметке көп балалы отбасыларға, толық емес отбасыларға, мүгедек балалары бар отбасыларға ТҚЖБ арқылы 3-4 пайызбен тұрғын үй несиесін беру бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын» деді Мемлекет басшысы. 

«Биыл әлеуметтік салаға республикалық бюджеттің 45 пайызы жұмсалмақ. Бірақ әлеуметтік блокта бірқатар мәселе бар. Сондықтан мен халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін Ұлттық қордан ақша бөлу туралы шешім қабылдадым» деді Н.Назарбаев.

Бөлісу:
Елбасы көпбалалы отбасыларға арналған 40 000-нан аса жалдамалы тұрғын үй салуға тапсырма берді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар