Жаңалықтар
1 мин оқу 583

Алдағы үш тәулікте Қазақстанда тұрақсыз ауа райы күтіледі

<p style="text-align:justify">28 ақпан 2 наурыз аралығында Қазақстанда тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады &laquo;Қазгидромет&raquo; РМК баспасөз қызметінен.</p>

Алдағы үш тәулікте Қазақстанда тұрақсыз ауа райы күтіледі

«Қазақстанда алдағы күндері тұрақсыз ауа райы күтіледі. Республиканың солтүстік бөлігінде кей жерлерде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік бөлікте жауын-шашын, арты қарға ұласатын жаңбыр, тұман, көктайғақ және күндізгі температуралар 5-18 градус жылыға дейін күтіледі. Республиканың бүкіл аймағында ауа температурасы климаттық мәннен жоғары күтіледі»,  деп атап өтті синоптиктер.

Бөлісу: