Жаңалықтар
1 мин оқу 413

«Эйр Астана» Делиге ұшатын рейстерін 1 наурызға дейін тоқтатты

<p style="text-align:justify">&laquo;Эйр Астананың&raquo; Дели бағыты бойынша ұшуға жоспарланған барлық рейстер 2019 жылғы 1 наурызына дейін Пәкістан&nbsp;әуе кеңістігінің жабылуына байланысты орындалмайды. Бұл туралы&nbsp;&laquo;Эйр Астана&raquo; әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.</p>

«Эйр Астана» Делиге ұшатын рейстерін 1 наурызға дейін тоқтатты

«Эйр Астана» колл-центрі жолаушыларды тасымалдаудың барлық жолдарын шұғыл түрде қарастыруда. Соның ішінде, форс-мажор жағдайларын реттейтін ИАТА ережелеріне сәйкес басқа әуе тасымалдаушылардың көмегімен тасымалдау да қарастырылуда.

27 ақпандағы КС908 Дели-Алматы рейсі қазіргі кезде Пәкістанның әуе кеңістігінен тыс Оман королдігінің астанасы Маскат әуежайы бағытында ұшты, ол жерден отынды үстеп құйып, ары қарай Алматыға ұшып барады. Алматыға жергілікті уақыт бойынша 17:22-де қонады деп күтілуде.

Бөлісу: