Әлем
1 мин оқу 872

Флоридада ұшақ көпқабатты тұрғын үйге соғылды

<p style="text-align: justify;">Флорида штатындағы Форт-Лодердейл қаласында жеңіл моторлы ұшақ жұма күні көпқабатты тұрғын үйге келіп соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат&nbsp;The Miami Herald&nbsp;газетіне сілтеме жасап.</p>

Флоридада ұшақ көпқабатты тұрғын үйге соғылды

Өрт-құтқару қызметі өкілдерінің мәліметінше, оқиға салдарынан ұшқыш көз жұмған.  Келеңсіз жағдай  түс кезінде болған. Басылымның жазуынша, ұшақ ғимараттың 16 және 17-қабаттарының ортасына соғылған. Осыдан кейін ол жөндеу жұмыстары жүріп жатқан бассейні бар террасаға құлады. Тұрғындар эвакуацияланды. Пилоттың аты-жөні әзірше анықталған жоқ. Тергеу жұмыстарымен Көліктегі қауіпсіздік жөніндегі ұлттық кеңес айналысып жатыр.

Бөлісу:
Флоридада ұшақ көпқабатты тұрғын үйге соғылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар