Хоккей
1 мин оқу 845

«Барыс» үшінші ойында есе жіберді

<p style="text-align: justify;">Хоккейден Гагарин кубогының плей-офф кезеңінде бақ сынап жатқан елорданың &laquo;Барысы&raquo; Төменгі Новгородта жергілікті &laquo;Торпедо&raquo; командасымен үшінші кездесуін өткізіп, 1:3 нәтижесімен жеңіліп қалды.</p>

«Барыс» үшінші ойында есе жіберді

Ойындағы есепті бірінші болып жерлестеріміз ашты. Екінші кезеңнің 29-минутында Мэттью Фрэттин қарсыластар қақпасын дәл көздеді. Бірақ осы кезеңнің өзінде-ақ «Торпедо» хоккейшілері таразы басын теңестіріп, одан кейін есепте алға шықты. Алдымен 33-минутта Денис Баранцев, 38-минутта Филип Хольм «Барыс» қақпасына шайба соқты. 

Үшінші кезеңде қос команда да алға қарай ұмтыла түсті. Ойынның соңында есепті теңестіруге тырысқан «Барыс» мұзайдынға қақпашы Хенрик Карлссонды алтыншы ойыншыға алмастырған-ды. Өкінішке қарай, кезекті бір шабуылда «Торпедо» хоккейшілері бос қалған қақпамызға үшінші шайбасын соғып кетті. Шайба авторы – Денис Баранцев. Қорытынды есеп – 3:1. Ойындар сериясы бойынша «Барыс» әзірге 2:1 есебімен алда тұр. Екі команда арасындағы төртінші кездесу бүгін өтеді.

Бөлісу:
«Барыс» үшінші ойында есе жіберді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар