Қазақстан
2 мин оқу 1,570

Қанат Жұмабаев: Мақсат - айқын, енді нақты нәтиже керек

<p style="text-align:justify">Қазақстан Республикасының Президенті, &laquo;Нұр Отан&raquo; партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың жүргізіп отырған мемлекеттік саясаты әрқашан әлеуметтік жағынан бағдарланған. Экономиканың түрлі саласында іске асырылып жатқан барлық реформа&nbsp;халықтың тұрмыс деңгейін жақсартуға, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.&nbsp;</p>

Қанат Жұмабаев: Мақсат - айқын, енді нақты нәтиже керек

Елбасы «Нұр Отан» пар­тиясының XVIII съезінде осы саясатты берік ұстанатынын және оны одан әрі жүзеге асы­руға бағытталған жаңа бас­тамаларды атап өтті. 2030 жыл­ға дейінгі «Бақуатты қоғам: он­жылдықтың 10 мақсаты» жаңа партиялық бағдарламаның басымдықтарын талқылау, азаматтарды әлеуметтік қолдау шараларын нығайту жөніндегі мәселелер съездің негізгі өзегі болды.

Атқарушы органдардың еңбек­ақысы төмен қызмет­кер­лерінің жалақысы өсетіні, көп балалы отбасыларға, қам­қоршыларға және мүгедек бала тәрбиелейтін отбасылар­ға төленетін жәрдемақылар­дың артатыны құптарлық әрі қуанышты жайт. Соның ішінде нақты қолдаулардың бірі – табысы төмен азаматтарымызға жеңілдетілген 2-3% жылдық мөлшерлемемен тұрғын үй заемдарының берілетіндігі. Елбасы денсаулық сақтау, білім беру және тұрғын үй­коммуналдық саласын дамыту маңызды бағыттардың бірі екенін айтты. 

Аталған шараларды тиімді іске­ асыру қоғамдық бақы­лауды, халықпен тығыз байланыста болуды талап етеді. Мықты саяси күш ретінде «Нұр Отан» партиясына аталған бағытта ерекше жауапкершілік жүктеледі. 

Елбасы мемлекеттік органдар адамдардың мұқтаж­­дық­тарына ерекше көңіл бөлу­дің қажеттілігін айтып, халық­тың түйткілді мәселелерін қа­рау­­сыз қалдырмауға шақыр­ды. «Партияның, сондай-ақ оның өңірлік, аумақтық фи­лиалдарының, бастапқы партия ұйымдарының қызметі азамат пен мемлекеттің арасындағы көпірі болуы тиіс», деді партия Төрағасы. 

Мемлекет басшысы партия мүшелерін мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына бақылауды нығайтуға үндеді. Ол үшін партияның ҮЕҰ-мен өзара қарым-қаты­насы күшейтіледі, «Мем­ле­кеттік бағдарламалар және реформаларды іске асырудың тиімділігін бағалау және мониторинг жүргізу орталығы» құрылады. 

Осы жылы әлеуметтік сала­ға бюджеттен шамамен 45% қ­аражат бөлінетіні қойылған мін­деттердің денін шешуге мүмкіндік береді. 

Халықты әлеуметтік қолдау шараларының орындалуын қамтамасыз ету үшін «Нұр Отан» партиясының қыз­метін жан­дандыру жөніндегі Елба­сының тапсырмасын іске асыру арқылы басты мақ­сат­тарға қол жеткізіледі деп сенемін!

Қанат ЖҰМАБАЕВ,

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директоры

Бөлісу:
Қанат Жұмабаев: Мақсат - айқын, енді нақты нәтиже керек · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар