Жаңалықтар
1 мин оқу 1,525

Ұлттық арнада «Кім білгір»  бағдарламасының тұсаукесері!

<p>5 наурыздан бастап &laquo;Qazaqstan&raquo; ұлттық арнасынан &laquo;Кім білгір&raquo; атты интеллектуалды&nbsp;телевикторина эфирге жол тартады.&nbsp;</p>

Ұлттық арнада «Кім білгір»  бағдарламасының тұсаукесері!

Ойын телевикторинасы қазақтың мақал-мәтелдерін, фразеологизмдерін пайдалана отырып, белгілі бір тақырыптарға арналған түрлі суреттер, қысқаша бейнероликтер арқылы қатысушылардың білімділігі мен білгірлігін анықтайтын болады.  

Сондай-ақ, ойын барысында қатысушылар түрлі жұмбақтар, әндер және блиц-сұрақтардың шешімін іздеп, сұрақтарға жауап беретін болады. Бағдарлама 5 кезеңнен тұрады: “1001 мақал”, “101 жұмбақ”, “Әсем ән”, “Бұл не?”, “Танисың ба?”.

Ойын викторинасына  Ұлттық арнаның тележүргізушілері, өнер адамдары мен көрермендер қатысатын болады.

Бөлісу:
Ұлттық арнада «Кім білгір»  бағдарламасының тұсаукесері! · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар