Спорт
1 мин оқу 1,184

Артем Захаров велотректен әлем чемпионатын 20-орынмен аяқтады

<p style="text-align: justify;">Польшаның Пружков қаласында велотректен 27-ші әлем чемпионаты аяқталды. Өкінішке қарай, қазақстандық спортшылар айтарлықтай жақсы нәтиже көрсеткен жоқ деп жазады Olympic.kz.&nbsp;<br /> </p>

Артем Захаров велотректен әлем чемпионатын 20-орынмен аяқтады

Жарыстың соңғы күнінде Қазақстан сапынан Артем Захаров сынға түсті. Ол өзіне ыңғайлы саналатын омниум бойынша бақ сынаған еді. 

Өкінішке қарай, Азия ойындарының қола жүлдегері әлемдік додада көсіле алмады. Захаров финалға шыққан 24 спортшының ішінен 20-шы орынды қанағат тұтты. 

Омниум бәсекесінде Жаңа Зеландия өкілі Стюарт Кэмпбелл чемпион атанды. Күміс жүлдені франциялық Бенджамин Томас иеленсе, қола медаль ұлыбританиялық Итан Хейтердің еншісінде. 

Бөлісу:
Артем Захаров велотректен әлем чемпионатын 20-орынмен аяқтады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар