Қазақстан
1 мин оқу 1,122

Керемет романс кеші

<p style="text-align: justify;">Көрікті көктемнің ал&shy;ғаш&shy;қы күні елорда тұр&shy;&shy;ғын&shy;дары мен қонақ&shy;та&shy;рын жар&shy;қын әрі жай&shy;дары му&shy;зы&shy;калық кеш күтуде. 1 нау&shy;&shy;&shy;рыз&shy;да&nbsp; &laquo;Ас&shy;&shy;тана Опера&raquo; театры&shy;ның Камералық залында &laquo;Романс си&shy;қыры&raquo; кон&shy;церті өтті. Бағ&shy;дарлама әлемдік мәде&shy;ниеттің біре&shy;гей құбы&shy;лысы &ndash; романсқа арнал&shy;ған, сондай-ақ тың&shy;дар&shy;ман назарына испан сарсуэлалары мен опера көріністері ұсынылған, олар рояль, скрипка, гитара және арфаның сүйе&shy;мелдеуімен орындалды.</p>

Керемет романс кеші

Концертке вокалистер – Қазақстанның Тұңғыш Прези­денті-Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты, меццо-сопрано Татьяна Вицинская, контртенор Батыржан Смақов, халықаралық байқаулардың лауреаты, тенор Рамзат Балакишиев және дарынды аспапшылар – Амина Тайкенова ин дер Шмиттен (фортепиано), Любовь Ткаченко (арфа), Әсел Жақиянова (скрипка), Ботагөз Қалиева (виолончель), Әліби Асақаев (гитара), Жібек Сапарғалиева (флейта), Ерболат Ташкенбаев (соқпалы аспап) қатысады.

– Бұл өмірімдегі аса маңызды әрі қуанышты оқиғалардың бірі, оны ерекше тебіреніспен күтудемін. Театрымыздағы қойылымдарда опералық рөлдерді орындаудан бөлек, маған әріптестерім – керемет әртістермен бірге баршаның сүйікті жанрларының бірі – құдіретті «романсқа» арналған осынау концертті ұйымдастырудың бірегей мүмкіндігі туып отыр. Әрбір романс – сезімдер мен жан толғанысының жекелеген оқи­ғасы, шағын моноспектакль, мұнда ішкі жан дүниемізді, ойымызды барынша ашып, музыка мен поэзия әсері арқылы көрерменмен бөлісуге болады,  – деп атап өтті Татьяна Вицинская.

Мазмұнды бағдарламаға барокко дәуірінің сирек орындалатын дуэттері, Фернандо Обрадорс пен Ма­нуэль де Фальяның атақты испан әндері мен сарсуэлалары, көне орыс романстары – «Только раз бывает в жизни встреча», «Ямщик, не гони лошадей», «А на последок я скажу», бұдан бөлек танымал туындылар – Жуль Массненің «Таис» операсына арналған медитация тақырыбына «Аве Мария», Камиль Сен-Санстың «Самсон мен Далила», Жорж Бизенің «Кармен» операларынан көріністер және т.б. енген.

Талғат САДЫҚҰЛЫ

Бөлісу:
Керемет романс кеші · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар