Қазақстан
1 мин оқу 861

А. Мамин «қарапайым заттар экономикасын» дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді

<p style="text-align:justify">Бүгін Үкімет отырысында 2019&ndash;2021 жылдарға арналған жеңіл және жиһаз өнеркәсібін, құрылыс индустриясын дамыту бойынша Жол карталарының жобалары мақұлданды деп хабарлайды&nbsp;primeminister.kz.</p>

А. Мамин «қарапайым заттар экономикасын» дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді

Ұсынылатын шаралар туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. Скляр, Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, сондай-ақ, Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы Е. Бахмутова баяндады.

Премьер-Министр Асқар Мамин бірқатар нақты тапсырма берді. 2025 жылға дейін импорт үлесінің 59%-дан 37%-ға дейін азаюы қамтамасыз етілетіні атап өтілді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында біз өңдеу өнеркәсібіндегі өсу қарқынының есебінен әртараптандыруды одан әрі дамытамыз», — деген А. Мамин жоғарыда аталған салаларда 2019–2025 жылдар аралығында 200-ге жуық жоба іске асырылатынын атап өтті.

Болжамды есептеулерге сәйкес, 2025 жылға қарай қарапайым заттар экономикасы тауарлары өнімдерін өндіру көлемі 4 трлн теңгеден 9 трлн теңгеге дейін ұлғаяды.

«Біз әзірлеген шаралардың аясында 2025 жылға дейін бүкіл Қазақстан бойынша 16 мыңнан астам өнімділігі жоғары тұрақты жұмыс орны құрылады», — деді Премьер-Министр және тиісті мемлекеттік органдарға осы шараларды жүзеге асыруға бірден кірісуді тапсырды.

Бөлісу:
А. Мамин «қарапайым заттар экономикасын» дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар