Қазақстан
4 мин оқу 1,432

Халықпен тығыз байланыс орнайды

<p style="text-align: justify;">Кеше Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында Елбасының &laquo;Нұр Отан&raquo; партиясының XVІІІ съезінде берген тапсырмаларын түсіндіру мақсатында Үкімет мүшелері БАҚ өкілдерімен кездесіп, көптің көкейіндегі мәселелерге қатысты мәлімдемелер жасады.</p>

Халықпен тығыз байланыс орнайды

Жиында сөз алған Премьер-Ми­нис­трдің орынбасары Гүлшара Әб­ді­қа­лықова Ел­басының «Нұр Отан» партиясының XVІІІ съе­зінде жүктеген мін­дет­терді шешу үшін үш жылға ел қа­зынасынан 2,3 трлн теңге қара­жат бөлінетінін жеткізді. Оның айтуынша, алдағы бірнеше күн­нің ішін­де бар­лық министрлік ат­қа­ра­тын жұ­мыс­тар­ына орай Жол карталарын әзірлеп, бе­кіт­пек. Со­нымен қатар ақпа­рат­­тық тү­сін­­­діру жұмыстарына телеарна, бас­па­сөз, ин­тернет, әлеуметтік желі өкілдері жұ­мыл­дырылады. 

− Келесі аптадан бастап Үкі­мет мү­ше­лері облыстарға іс-сапармен барып, кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүр­гізеді. Алдымен өңір бойынша бір­неше облысты қамтимыз. Осы ап­тада Батыс Қазақ­стан, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау облыс­тарына барамыз. Сапар аясында дәстүрлі құрал­дарды пайдаланумен қатар, жаңа форматта жұмыс істейміз. Халықпен кері бай­ланыс болуы керек. Өңірлерде жеке қабыл­даулар өткізу көзделіп отыр. Әрбір министрлік өз бағыты бойынша жер­гілікті жерлердегі көпшілікті алаңдат­қан мәселелерді шешуге міндетті. Бұған қоса, әр өңір­дегі халыққа қызмет көрсе­ту орта­лық­тары мен жұмыспен қамту ор­та­­лықтарының жұмыстары, дайын­ды­ғы қаралады. Жалпы алғанда, осы тоқ­­санның ішінде барлық облысты ара­лаймыз. Бұл үшін Батыс, Шығыс, Сол­түс­тік, Оңтүстік, Орталық Қазақстан өңірін қамтитын карта әзірленді, – деді Г.Әбді­қа­­лықова. Сондай-ақ вице-премьер өңір­лерге сапар барысында аз қамтылған отба­­сылардың үйлеріне барып, ты­ныс-тір­шілігін өз көзімен көріп,  қордаланған мә­селелердің негі­зімен танысуды көздеп отыр. 

Жиында Еңбек және халықты әлеу­­­мет­тік қорғау министрі Бер­ді­­бек Сапарбаев әр от­басының мә­се­лесі тыңғылықты қа­ра­­лып, тиіс­ті көмек тағайындалатынын айтты. 

– Қазіргі таңда қолға алған бас­тамалар­ды жүзеге асыру үшін жергілікті атқа­ру­шы билікпен жұмыс істеп жатырмыз, біз әр от­басына жеке әлеуметтік карта әзір­лемекпіз. Онда отба­сы мүше­лерінің жұ­мыспен қам­ты­луы, олар­дың табыс дең­­гейі, отбасындағы пробле­малар қамты­лады. Осы картаның негізінде қолдау көр­сету үшін кө­мек­ке ең мұқтаж деген отбасылар­ды, азаматтарды анық­таймыз, – деген министр Мем­­ле­кет басшысының бюрократия­ны тө­мендету жөніндегі  тап­сыр­масына қатысты жұ­мыс­тар атқары­ла­тынын да жеткізді.

– Отбасылар атаулы әлеумет­тік кө­мекті алу үшін бір бума қағаз жинайды, әрлі-берлі мекемелер арасында жүреді. Соны азайту үшін қазір бізде «Е-Халық» ақпараттық жүйесі бар, сол арқылы тиісті жұмыстар іске асырылады, – деді министр. 

Премьер-Министрдің орынбасары Г.Әбдіқалықованың ай­туынша, атаулы әлеуметтік көмек тұрмыс деңгейі төмен от­басы­ларға ғана беріледі. Елімізде жал­пы алғанда 4 миллионнан астам отбасы бар. Бұл отбасылардың тұрмыстық деңгейі әртүрлі. Оның ішінде жағдайы нашар 830 мың тұрғынға көмек жәрдемақы ре­тінде берілетіндігі анықталып отыр. Қа­зіргі уақытта мемлекеттік органға арыз­данып, көмек сұрап жатқан басқа да от­басылардың саны күн санап артуда. 

− Бұл отбасылар жеке қара­ла­тын болады. Бірінші орында жұмыспен қамту мәселесі қо­йылады. Жұмысын бастауы  немесе әрі қарай жалғастыруы үшін әртүрлі деңгейде несиелер беру мәселесі қаралады. Жастарға гранттар беру, көп балалы ана­ларға үйде жұмыс істеуі үшін жағдай жасау мәселесін кең пайдалануымыз керек. Бұл мақсатта тиісті жұмыстар атқарылады, – деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Еңбек және халықты әлеу­мет­тік қор­ғау министрі Б.Сапарбаев қандай жағ­дайда көп балалы, аз қамтылған отба­сы­ларға мемлекеттен көмек берілетінін түсіндірді.

– Бүгінде әлеуметтік атау­лы көмек деген бар. Оның төле­нетін мөлшері ең төменгі күн­көріс деңгейіне байланысты. Қа­зіргі таңда көп көтеріліп жүрген мә­селенің бірі – осы төменгі күнкөріс дең­­гейін көбейту. Осы уақытқа дейін 14849 теңге болса, қазір бұл 20789 теңгеге кө­бейеді. Аталған көмекті 570 мың адам алып отырса, енді кемінде 830 мың адам ала­ды. Мысалы, 4 баласы бар ана бүгінде 63 740 теңге алса, жо­ға­рылауға байланыс­ты 103 945 теңге алатын болады. Егер ол кі­сілердің табысы күнкөріс дең­гейінен тө­мен болса, қосымша тағы да жәрдемақы ала­­ды, яғни осы санаттағы жандардың та­бы­сы 114 449 теңге болады. Жалпы, атау­­­лы әлеуметтік көмектің төленуі қазір­гі таң­да бір балаға 4 834 теңге болса, енді ай сайын әрбір балаға 20 789 теңге төле­неді. От­басында балалар оқитын болса оқу бі­тір­­генше, 23 жасқа дейін олар­ға да осын­дай жәр­демақы төле­неді, – деді  Б.Са­пар­баев.

Министр келтірген ақпарат­қа сәйкес, 1 шілдеден бастап бол­жам бойынша 1 миллион қазақ­стандықтың жалақысы көтеріл­мек. Оның ішінде ең төменгі жа­лақы алатын бюджеттік салада жұмыс іс­тейтін қызметкерлердің жалақысы шіл­деден бас­тап 30%-ға өседі. Сон­дай-ақ еңбек өтіліне байланысты бірін­ші-сегі­зінші разряды бар жұмыс істей­­тін­дердің де ең төменгі жала­қы­лары 30%-ға кө­бейеді. Бұған қоса, ауыл, аудан, қала, об­лыс әкім­діктерінде жұмыс істей­тін тө­мен­гі жалақы алатын азамат­тардың да еңбек­ақысы 25%-ға артпақ. Осы арқылы  ең ке­мінде 77 мың адамның жалақысы кө­бейеді. 

Жиында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Білім және ғылым ми­нистрі Күләш Шәм­шидинова, Индус­трия және ин­фрақұрылымдық даму вице-ми­нистрі Қайырбек Өскенбаев және Ауыл шаруашылығы минис­трі Сапархан Омаров БАҚ өкіл­дерінің сауалдарына жауап беріп, алдағы уақытта атқарылатын жұ­мыстармен таныстырды.

Еркежан АЙТҚАЗЫ,

«Egemen Qazaqstan»

Бөлісу:
Халықпен тығыз байланыс орнайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар