Қазақстан
1 мин оқу 980

Әлеуметтік жүкті бірлесе көтереміз

<p style="text-align: justify;">Ең басты жетістік ретінде &laquo;Нұр Отан&raquo; партиясының осы 20 жылдықта еліміздегі ең беделді, ең сенімді, ең әлеуетті саяси ұйымға айналғандығын айтуға болады. Осы уақыт аралығындағы еліміздің табыстары біздің партиямен байланысты қалыптасты.</p> <div style="text-align: justify;">&nbsp;</div>

Әлеуметтік жүкті бірлесе көтереміз

Қазір партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасын қарап отырсақ, «Президент­тің бес әлеуметтік бастамасы» мен Елбасы Жолдауынан бастау алатын еліміздің әлеу­меттік саясатына басым­дық берілген. Оның ішін­де, көп ­балалы отбасыларды қолдау, әлеуметтік көмек мұқтаж санатындағы азаматтарды қолжетімді баспанамен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу, мүмкін­дігі шектеулі адамдарды қол­дау мен сауықтыру кеңірек қамтылған. 

Мемлекет басшысы кезек­ті съезде берген тапсырмалар еліміздегі әрбір отба­сы­ның, Астанаға елеңдеп жағым­ды хабар күткен әр шаңы­рақтың мүддесіне сай келеріне сенімдімін. Атап айтқанда, көп балалы от­басы­ларға көрсетілетін көмек, жалақының көтерілуі сияқ­ты мәселелер өңірлерде жиі айтылып жүр. 

Бүгінде «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы мүшелерінің 90 па­йызы Ақтөбе қаласының тұрғындары. Бізде әрбір ірі мекеме жанында партия­­ның бастауыш ұйымдары бел­сен­ді жұмыс істеп келеді. Ал­­да­ғы уақытта да Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» пар­­тия­сының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партия съезін­дегі тапсырмаларын мүл­тіксіз және тиянақты орын­дауға бар күшімізді саламыз. 

Ілияс ИСПАНОВ, 

«Нұр Отан» партиясы Ақтөбе қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі

Бөлісу:
Әлеуметтік жүкті бірлесе көтереміз · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар