Шекарашылар ұнға жасырылған 6 тонна насыбай өнімін тауып алды
<p style="text-align: justify;">«Жағалау күзеті» Өңірлік басқармасының Атырау шекара отрядына қарасты «Құрмангазы-авто» тексеріп-өткізу пунктінің шекара наряды кеше таңертең Атырау – Астрахань бағытымен жол жүріп бара жатқан екі бірдей «ГАЗ3022» автокөліктерін (жүргізушілері 46 және 35 жастағы ресейліктер) тексеру барысында әрқайсысынан 90 қаптан, жалпы саны 180 қап, салмағы 6 тонна болатын заңсыз насыбай темекі өнімін тауып алды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.</p>

«Құжаттары бойынша бұл көліктерде ұн тиелген болуы тиіс еді. Бірінші қатардағы қаптардың ішінде шынымен де ұн болып шықты. Алайда ол тек арғы жағындағы жасырын жүктің бетін бүркемелеу үшін ғана пайдаланылған екен. Ұсталған көлік жүргізушілері көліктерімен және жүктерімен бірге Құрманғазы аудандық полиция бөліміне тапсырылды» делінген хабарламада.