Қысқы спорт
1 мин оқу 1,040

Универсиада-2019: Шорт-тректен Қазақстан командасы финалға жолдама алды

<p style="text-align: justify;">Ресейдің Красноярск қаласындағы Универсиада ойындарында шорт-трекшілер жарысы жалғасуда. Кеше ерлер мен әйелдер 500 метрге жарысудан бақ сынады деп жазады Olympic.kz.&nbsp;</p>

Универсиада-2019: Шорт-тректен Қазақстан командасы финалға жолдама алды

Қыздар арасында қазақстандық Яна Хан 13-ші, Әлия Әмірғалиева 22-ші, Хадиша Бақыткереева 23-ші орында. Бұл сында үздік үштікті Франция, Ресей және Оңтүстік Корея спортшылары иеленді. 

Ерлерден сынға түскен Денис Никиша бесінші орыннан көрінсе, Нұрлыбек Бейсеев 19-шы, Евгений Ребик 21-ші сатыда. 

Сондай-ақ, ерлер мен әйелдер командасы эстафетадан финалдық кезеңге өтті.

Бөлісу:
Универсиада-2019: Шорт-тректен Қазақстан командасы финалға жолдама алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар