Аймақтар
1 мин оқу 1,110

Балалық мейірімге бөледі

<p style="text-align: justify;">Семейдегі Балалар көркемсурет студиясының оқушылары үшін Халықаралық әйелдер күніне арналған көрме ұйымдастыру дәстүрге айналған. &laquo;Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері&raquo; музейіндегі биылғы көрме &laquo;Анама мейірім сыйлаймын&raquo; деп аталды.</p> <div style="text-align: justify;">&nbsp;</div>

Балалық мейірімге бөледі

Анаға деген махаббат өмір бойы сақталатын ең та­­би­ғи және риясыз сезім. Көп­­теген ақындар, жазушылар мен суретшілер анаға өз шығармашылықтарын арнаған. Сол сияқты оқу­шылардың туындыларында да анаға деген ерекше сүйіспеншілік бар. Олар­дың шығармалары асқақ көңіл күймен ерек­шеленеді. Ана – өмір­дің негізі, махаббат пен үйлесім және сұлулықты түсінудің бастауы дейді Нев­­зоровтар отбасы атын­дағы бейнелеу өнері му­зейінің бөлім жетекшісі Лаура Шинжина.

Студия оқушыларының жұмыстары негізінен акварель мен гуашь арқылы орындалған. Сондай-ақ студияның тәрбие­ленушісі Ксения Сто­пычева лино­гравюраның күр­делі техникасында жұмыс іс­тесе, Милена Моисеенко өзі­­­­нің сюжетін матаға жазу ар­­қы­лы бедерлеген. Көп­теген ба­ла өз сурет­те­рінде әр­түрлі ма­­териалдар­ды, атап айт­қанда акрил, пастель, түрлі-түсті қа­рын­даштарды пай­­даланған. 

– Жас суретшілер барлық аналарды мерекелерімен құт­тықтай отыра, ең нәзік, жарқын және жаңа көктем бейнелерінің вернисажын өткізе білді, – дейді Лаура Шинжина.

Раушан НҰҒМАНБЕК,

«Egemen Qazaqstan»

СЕМЕЙ

Бөлісу:
Балалық мейірімге бөледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар