Қазақстан
1 мин оқу 1,002

Ерлер жеңіп, қыздар тең түсті

<p style="text-align: justify;">Астанада өтіп жатқан шахматтан командалық әлем чем&shy;пионатының екінші тур ойындары аяқталды. Қазақстанның ерлер құрамасы Швеция шахматшыларын жеңсе, қыздар құрамасы Үндістан спортшыларымен тең түсті.</p> <div style="text-align: justify;">&nbsp;</div>

Ерлер жеңіп, қыздар тең түсті

Ерлер арасындағы бәсеке тең есеппен басталды. Екінші кездесуде Әнуар Есмағамбетов швед Ханс Тикканенді 1,5:0,5 есебімен жеңсе, үшінші партияда қазақстандық Мұртас Қажғалиев Эрик Бломквисттен басым түсті. Соңғы бәсекеде Денис Махеев қарсыласымен тең ойнады. Қорытынды есеп – 3:1.

Еліміздің қыздар командасы да алғашқы екі кездесуін тең нәтижемен бастады. Жансая Әбдімәлік пен Еэшей Каравад және Динара Сәдуақасова мен Сваминатхан Соума бәсекесінде жеңімпаздар есімі анықталмады. Үшінші кездесуде Бибісара Асаубаеваның жеңісінен кейін Қазақстан құрамасы есепте алға шыққан болатын. Бірақ соңғы партияда отандасымыз Гүлмира Дәулетова қарсыласынан жеңіліп қалды. Қорытынды есеп – 2:2.
 

Бөлісу:
Ерлер жеңіп, қыздар тең түсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар