Аймақтар
1 мин оқу 911
Қызылордалық жастарға үй беріледі
<p style="text-align: justify;">«Nur Otan» партиясы XVIII сьезінің депутаттары еңбек ұжымдарымен кездесіп, қабылданған шешімдер бойынша түсінік жұмыстарын жүргізіп жатыр.</p>

Теміржол саласында жұмыс жүйелі, жалақы тұрақты болғанымен шешілмей келе жатқан түйіндер жеткілікті. Соның бірегейі-жас мамандарды баспанамен қамту.
- Алғашқы жобалардың біреуі Сексеуіл кентінде 32 пәтерлі 5 бөлмеден 60 жас жанұяға үй берілгелі жатыр. Ол деген үлкен жетістік деп ойлаймыз,-дейді тасымалдаушы компания филиалының директоры Амангелді Арысбаев.
Тағы бір жаңалық, «Қызылорда-Астана» поезы енді күнделікті жүреді. Оған қосымша вагондар қосылмақ. Бұл жолаушылар үшін тиімді әрі сұранысқа сай болып отыр.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Egemen Qazaqstan»
Қызылорда облысы
Бөлісу: