Жаңалықтар
1 мин оқу 1,160

Ерасыл Қажыбаев Мароккодағы Гран-при финалында ұтылды

<p style="text-align:justify">Дзюдодан Марокконың Марракеш қаласында дзюдодан Гран-при турнирі аяқталды. Соңғы жарыс күнінде Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты деп хабарлайды Olympic.kz.&nbsp;</p>

Ерасыл Қажыбаев Мароккодағы Гран-при финалында ұтылды

Аса ауыр салмақта сынға түскен Ерасыл Қажыбаев өз мансабында тұңғыш рет Гран-при финалына дейін жеткен болатын. Ақтық сында қазақстандық спортшы германиялық Свен Хайнлдан "иппон" әдісімен жеңіліп қалды. 

Осылайша, Ерасыл Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды. Қажыбаев осыған дейін Ташкенттегі Grand Slam додасында үздік үштікке енген.

100 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін күрескен Айбек Серікбаев австралиялық қарсыласына есе жіберіп, 5-ші орынға тұрақтады. Бұдан бөлек, Ерлан Серікжанов турнирдің қола жүлдесін иеленгенін хабарлаған болатынбыз. 

Бөлісу: