Қазақстан
1 мин оқу 1,270

Атырауда көрісу мейрамы басталады

<p style="text-align:justify">Еліміздің батыс өңірінде наурыз мерекесі ерте басталады.&nbsp; 14 наурызда &laquo;Бір жасыңмен!&raquo; деп&nbsp; көрісетін ғұрып бар. Мемлекет басшысының &laquo;Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру&raquo; бағдарламалық мақаласы аясында Атырауда өткен жылы амал мейрамы ерекше аталып өтті. Олай деуімізге себеп, &laquo;Жаңа жасыңмен, ұлы далам!&raquo; тақырыбында ұйымдастырылған халықаралық форум. &laquo;Көрісу Fest&raquo; халықаралық фестивалі аясында өткен шаралар легі биыл да жалғасын табады.</p>

Атырауда көрісу мейрамы басталады

Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлағандай, 12 наурыз күні сағат 10-да облыстық халық шығармашылығы орталығында «Ойдағы ел қырдағы елмен амандасып...» атты халықаралық айтыс басталады. Сөз аламанына Асанәлі Әшімов бастаған өнер қайраткерлері қазылық етеді. Айтыс екі күнге созылады.

13 наурыз күні 15.00-де бата беруден республикалық байқау өтеді. Ұлттық құндылықтарды насихаттап, бабалар дәстүрінің қадір-қасиетін арттыруды мақсат еткен байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 17 батагөй қатысады деп жоспарланып отыр.

Ал 14 наурыз күні сағат 11-де облыс орталығындағы Сұлтан Бейбарыс алаңында . «Көрісу Fest» халықаралық фестивалі шымылдығын ашады. Шара аясында суретшілер плэнері, облыстық музей көрмесі, ұлттық сусындар мен тағамдар жәрмеңкесі өтеді. «Жастар жарыса көрісіп қауышады» байқауы мен театрландырылған әдеби-музыкалық қойылым мерекенің мәнін келтірмек.

Бақытгүл БАБАШ,

«Egemen Qazaqstan»

АТЫРАУ

Бөлісу:
Атырауда көрісу мейрамы басталады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар