Жаңалықтар
1 мин оқу 1,062

Қазақстандық дзюдошылар әлемдік рейтингте жоғарылады

<p style="text-align: justify;">8-10 наурыз аралығында Мароккода дзюдодан кезекті Гран-при бәсекесі аяқталып, әлемдік рейтинг жаңартылды деп хабарлайды Olympic.kz.&nbsp;</p>

Қазақстандық дзюдошылар әлемдік рейтингте жоғарылады

Марракеш татамиінде жүлдеге іліккен қазақстандық спортшылар әлемдік рейтингтегі жағдайын жақсартты. Атап айтар болса, 66 келіде қола жүлдегер атанған Ерлан Серікжанов 11-ші орыннан 8-ші сатыға, аса ауыр салмақтағы Ерасыл Қажыбаев 51-ші орыннан 27-ші орынға көтерілді. 

Әлемдік дзюдо федерациясының ережесі бойынша, Гран-при жеңімпазына 700, күміс жүлдегерге 490, қола медаль иегеріне 350 ұпай беріледі. 

Ерлер арасындағы әлемдік рейтинг:

60 келі

Елдос Сметов – 6 (4180)

Ғұсман Қырғызбаев – 10 (3229)

66 келі

Ерлан Серікжанов – 8 (3490)

Елдос Жұмақанов – 12 (3090)

73 келі

Жансай Смағұлов  – 12 (3024)

81 келі

Дидар Хамза – 15 (2653)

90 келі

Ислам Бозбаев – 10 (3392)

+100 кг

Ерасыл Қажыбаев –  27 (1392)

Бөлісу: