Қазақстан
1 мин оқу 1,064

Тапсырмалар орындалатынына сенеміз

<p style="text-align: justify;">Бұл жолғы өткен &laquo;Нұр Отан&raquo; партиясы съезінің басты ерекшелігі, әлеу&shy;меттік жағынан аз қамтылған отбасыларға арналған көмек дер едім. Енді Президент айтқандай, әлеуметтік жағынан аз қамтылған көп балалы отбасыларда әрбір балаға 21 мың теңгеге жуық жәрдемақы төленеді.&nbsp;</p>

Тапсырмалар орындалатынына сенеміз

Нақты айтқанда, оның көлемі 20 789 теңге болмақ. Ал он­дай көмекті төрт және одан көп баласы бар отбасылар алады. Бұл, расында, үлкен көмек. Онан соң тағы бір қуаныш, көп ба­ла­­­ларға арналып, 40 мың пә­­тер салынбақ. Оған қоса ипотека бойынша жеңілдікпен несие берілмек. Ал бұрын осындай кө­мек­­тер болып па еді, әрине жоқ.

Бұл съезден тағы бір аң­ғар­ғаны­­мыз, қазір кейбір ірі қалалар маңында халық көп шоғырланған жерлер аз емес. Бірақ онда не электр жарығы, не орталықтан бері­летін жылу, су, т.б. жоқ. Міне, осы жерлердің жағ­да­йын жақ­сарту қолға алынбақ. Ал ең бас­тысы, ауыл­­­дарымыздың әлеуметтік-тұр­мыс­тық ахуалы артатыны бо­лып отыр. Съез­дің де негізгі бағыты халық­тың әлеуметтік-тұрмыстық ахуалын жақсарту ғой. Ауылдарға қаты­найтын жергілікті жолдарды жөн­деуге 350 млрд теңге бөлінбек. Соған сай, 12 мыңнан аса көлік жолдары қалпына келмек. Демек, халықтың әлеуметтік-тұр­­мыс­тық деңгейі артқан сайын өр­ке­­ниет­ті елдермен де тереземіз теңесе түседі. 

Бұл қуаныштармен қатар, мұ­ға­­­­­лім­дер мен дәрігерлер жала­қы­с­ы да 30 пайызға көтеріл­мек. Әри­­­не, осындай жақ­­сы­­­­л­ық­­тар өте көп. Со­ның бәрі­не 1 трлн-нан астам қар­жы жұм­­­сал­­мақ көрінеді. Бұл қар­жы­­лар ай­на­лымға түскен соң оның да өзін­дік қайтарымы бола­ры сөз­сіз. Мұ­­ғалімдер мен дәрі­­гер­лер­дің жа­л­­ақысы жоғары бол­са, олар­­дың жұмыс сапасы да артады. 

Талғат Қалиев, 

саясаттанушы

Бөлісу:
Тапсырмалар орындалатынына сенеміз · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар