Аймақтар
1 мин оқу 1,010

Астанада атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2,2 есеге артады

<p style="text-align: justify;">1 сәуірден бастап мұндай көмекпен шамамен 2,5 мың астаналық отбасы қамтылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.</p>

Астанада атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2,2 есеге артады

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында белгілі болғандай, Астанада атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын отбасылар саны едәуір артады.

«Елордада 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2,2 есеге артып, 2500 отбасын құрайды. Орта есеппен отбасы құрамы төрт-бес адам», – деп хабарлады ведомстводан.

АӘК алушылардың негізгі бөлігін толық емес және көпбалалы отбасылар құрайды. АӘК әлеуетті алушылар жұмыспен қамту орталығына Бейбітшілік көшесі, 25 мекенжайы бойынша, сондай-ақ, мына байланыс телефондары арқылы хабарласа алады: Алматы ауданы, тел: 72 93 57, Сарыарқа ауданы, тел: 72 93 31, Байқоңыр ауданы, тел: 72 93 38, Есіл ауданы, тел: 72 83 38.

Бөлісу:
Астанада атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2,2 есеге артады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар