Қазақстан
1 мин оқу 1,090

Пальмалы Ақтау

<p style="text-align: justify;">Ақтауды дамыту, келген-кеткен қонақ&shy;тарды теңіз жағалауындағы қазақстандық қаланың көркіне тәнті ету &ndash; өңірде қолға алынған басты шаруалардың бірі. Бұл бағыттағы жоспарлар да жоқ емес. Ірілі-ұсақты жобалар межеленген қалада теңіз жағалауын көркейту жұмыстары жалғасуда.</p>

Пальмалы Ақтау

Жуырда теңіз жағалауында жасанды пальма ағаштары бой көтере бастады. Өңірдегі әлеуметтік мәселелерге қолдау көрсетіп келе жатқан НКОК компания­сының қолдауымен қолға алынған Ақтауды «пальмаландыру» жұртшылықтың қызығу­шылығын тудырды. 

Қала әкімдігі өкілдерінің айтуынша, пальмалар Ақтаудағы 14-шағын ауданнан 15-ша­ғын аудандағы жаңартылған жағалауға дейін отыр­ғызылатын болады. Бұл шамамен 1,5 ша­қырым қашық­тықты құрайды. Пальмалардың арақа­шықтығы – 15 метр. Биіктігі 11 метрлік декоративтік нысанның Ақтау қаласы бойынша 100 данасын отырғызу көзделген. 

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Egemen Qazaqstan»

Маңғыстау облысы

Бөлісу:
Пальмалы Ақтау · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар