Хоккей
1 мин оқу 1,050

Ертең «Барыс» ширек финалдық сайысты бастайды

<p style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) Гагарин кубогы жолындағы жарысының ширек финалдық межедегі алғашқы бәсекеде &laquo;Барыс&raquo; ертең Астанада Омбының &laquo;Авангардын&raquo; қабылдайды.</p>

Ертең «Барыс» ширек финалдық сайысты бастайды

«Авангард» ҚХЛ-дағы беделі зор клубтардың бірі. Олар көптеген елішілік және бірқатар халықаралық додаларда жүлде алып, өз көрермендерінің ықылысына бөленді. Әр жылдары айтулы команда сапында талай жұлдыздар өнер көрсетті. Биылғы маусымда 87 ұпай жиған омбылықтар тұрақты біріншілікті жетінші орынмен қорытындылады. Шайба айырмашылығы – 177-133. Плей-офф сайысының алғашқы кездесуінде «Авангард» Қазанның «Ақ Барсын» төрт кездесуде де ұтты. Өз мұз айдынындағы матчтарды олар 6:0, 6:3 және сырттағы кездесулерді 4:1, 3:2 есептерімен аяқтады.

Ал «Барыс» жарыс кестесінде бесінші орынға тұрақтады. Жиған ұпайы – 86. Шайба айырмашылығы – 190-149. Гагарин кубогы жарысының алғашқы кезеңінде жерлестеріміз Төменгі Новгородтың «Торпедо» клубынан 4:3 есебімен басым түсті. 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Бөлісу:
Ертең «Барыс» ширек финалдық сайысты бастайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар