Қазақстан
1 мин оқу 1,080

ШҚО: Жарма ауданында кәсіпкерлер форумы өтті

ШҚО: Жарма ауданында кәсіпкерлер форумы өтті

Жарма ауданының орталығы - Қалбатау ауылындағы Мәдениет үйінде кәсіпкерлер форумы өтті. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Н.Нұрғалиев, облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары А.Айкешов, аудандық мәслихат хатшысы А.Сахметжанова, ірі кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарының басшылары қатысқан жиында өткен жылдың үздік кәсіпкерлері мен кәсіпорындарына 9 номинация бойынша диплом және 150 000 теңгенің сертификаттары тапсырылды.

Сондай-ақ ауданның экономикасына қосқан үлесі үшін шағын және орта бизнес саласының өкілдері аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Форум аясында ауданның бизнестің әлеуметтік ынтымақтастығы шеңберінде 6 ірі кәсіпорын басшылары мен аудан әкімдігі арасында жалпы көлемі 182 млн. 648 мың теңгенің меморандумына салтанатты түрде қол қою рәсімі өткізілді.

Азамат ҚАСЫМ,

«Egemen Qazaqstan»

Шығыс Қазақстан облысы,

Жарма ауданы

Бөлісу:
ШҚО: Жарма ауданында кәсіпкерлер форумы өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар