Аймақтар
1 мин оқу 1,352

Демалыс күндері Астанадағы ауа райы қандай болады

<p style="text-align:justify">Демалыс күндері елордада күндіз термометр көрсеткіші минус 5 градусқа дейін төмендейді&nbsp;деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.</p>

Демалыс күндері Астанадағы ауа райы қандай болады

Казгидрометтің хабарлауынша, ертең, 15 наурызда қалада көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жауын-шашын күтіледі. Кей кезде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Температура түнде 0…-2°С, күндіз 0…+2°С.

Сенбі күні синоптиктер күн құбылмалы болады деп болжауда. Солтүстік-батыстан жылдамдығы 9-14 м/с құрайтын жел соғады. Ауа температурасы түнде -8…-10°С, күндіз 3…-5°С.

17 наурызда да күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Желдің бағыты батыстан шығысқа ауысады. Оның екпіні 9-14 м/с дейін жетеді. Сынап бағанасы түнде -15…-17°С, күндіз 3…-5°С көрсетеді.

Бөлісу:
Демалыс күндері Астанадағы ауа райы қандай болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар