Қазақстан
1 мин оқу 1,100

Қызылорда қаласының 49 жастағы тұрғыны есірткімен ұсталды

<p style="text-align: justify;">Қызылорда облыстық Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары жедел іздестіру шарасы барысында Қызылорда қаласының 49 жастағы тұрғынын ұстады.</p>

Қызылорда қаласының 49 жастағы тұрғыны есірткімен ұсталды

«Қолға түскен азаматтан жалпы салмағы 1 келі 400 грамнан асатын гашиш есірткі заты тәркіленді. Ол скотч пен газет қиындысына оралған», - дейді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азамат кінәсін толығымен мойындады.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы

Бөлісу:
Қызылорда қаласының 49 жастағы тұрғыны есірткімен ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар