Қазақстан
1 мин оқу 1,017

Қорғаста әйел адамның автокөлігінен оқ-дәрі табылды

<p style="text-align: justify;">Қорғастық шекарашылар кеше, күндізгі сағат 10:30-дар шамасында Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығының аумағына жекеменшік &laquo;TOYOTA PRADO&raquo; автокөлігімен кірмекші болған 41 жастағы қазақстандық әйел адамды ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Қорғаста әйел адамның автокөлігінен оқ-дәрі табылды

«Қызметтік иттің көмегіне сүйене отырып әлгі әйелдің автокөлігін тексерген шекара наряды көліктің оң жақ есігінің қуысынан 7,62*39 мм калибрлы 13 дана оқ тауып алды. Оқтардың шығарылған уақыты көрсетілмеген. Автокөлік мөрленіп, кеден қызметінің тұрағына, күзетке қойылды. Істің жай-жапсарын Алматы облысының Панфилов аудандық полиция бөлімі тексеріп жатыр» делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қорғаста әйел адамның автокөлігінен оқ-дәрі табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар