Қазақстан
1 мин оқу 920

Жастар өкілдерімен кездесті

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің төрағасы Бақытжан Сағынтаев жастар өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.</p>

Жастар өкілдерімен кездесті

Кездесу барысында республикалық жастар ұйымдарының жетекшілері Мемлекеттік хатшыға Жастар жылы аясында жүргізіп жатқан жұмыстары жөнінде мәлімдеді.

Б.Сағынтаев Мемлекет бас­шы­сының тапсырмалары бойынша қазіргі таңда жастардың әл-ауқатын жақсартуға, олардың сапалы білім алуына, денсаулық сақтау қызметіне қол жеткізуіне, баспана жағдайын түзетуіне, бос уақыттарының дұрыс ұйымдастырылып, Қазақстан жас­тарының өмірден өз орнын табуына бағытталған маңызды әлеуметтік жо­балардың жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Мемлекеттік хатшы Елбасының жастар саясаты саласында алға қойған міндеттерін тиімді орындау үшін мем­лекеттік органдар мен жастардың үкіметтік емес ұйымдары бірлесе жұ­мыс жүргізуі қажеттігін айтты.

Осыған байланысты Б.Сағынтаев еліміздің барлық жастарын Жастар жылы аясында іске асырылып жатқан жобаларға белсене атсалысуға, өзін-өзі жетілдіру, білім деңгейін көтеру және кәсіби біліктілігін арттыру үшін жаңадан енгізілген «әлеуметтік лифт» мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды.

Кездесу соңында Мемлекеттік хат­шы жастарымыз еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің маңызды фак­торына айналуға тиіс екендігін атап өтті.

Бөлісу:
Жастар өкілдерімен кездесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар