Е.Біртанов: Қатерлі ісік диагнозымен диспансерлік байқауда 181 000 пациент тұр
<p style="text-align: justify;">2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қатерлі ісік диагнозымен диспансерлік байқауда 181 000 пациент тіркелген. Бұл туралы Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.</p>

«2018 жылы 35 753 адам алғаш рет есепке алынды, оның 44,3%-н ерлер және 55,7%-н әйелдер құрайды. Обырдан қайтыс болғандардың арасында ерлер 53,8%-ды алып отыр. Алғаш ауырғандардың 60%-ға жуығы - 18 жастан 63 жасқа дейінгі еңбекке қабілетті жастағы адамдар» деді Е.Біртанов.
Министрдің айтуынша, сырқаттанушылық құрылымында сүт безінің обыры (12,6%), өкпе обыры (9,9%), асқазан обыры (9,9%) алдыңғы орындарда, ары қарай жатыр мойны обыры және жуан ішек обыры(4,7%) құрап отыр.
«Өлімнің негізгі себептері өкпе обыры (16,5%), асқазан обыры (11,5%), сүт безінің обыры (8,4%) болып отыр. Онкологиялық пациенттердің жыныстық-жас ерекшеліктері және сырқаттанушылық пен өлім құрылымының Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінен айырмашылығы жоқ» деді ол.