Жаңалықтар
1 мин оқу 752

«Қайрат» – ел чемпионы!

<p style="text-align:justify">Шағын футболдан ел чемпионы анықталды. Бұл атаққа Алматының &laquo;Қайраты&raquo; мерзімінен бұрын қол жеткізді.</p>

 «Қайрат» – ел чемпионы!

Республика біріншілігінің 24 турында «Қайрат» Рудныйдың «Аятымен» кездесті. Алматыда өткен бәсекеде алаң иелерінің үстемдігі еш күмән туғызған жоқ. Есеп – 5:1. «Қайраттың» сапында Ранжел екі гол соқса, Диего, Хоссейн Тайеби және Бекзат Рақымтаев бір-бір реттен мергендік танытты. Осылайша, басты қарсыласы – «Аяттан» 15 ұпай озған алматылық клуб мерзімінен бұрын ел біріншілігінің бас жүлдесін олжалады.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Бөлісу:
«Қайрат» – ел чемпионы! · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар