Индонезияда су тасқыны салдарынан 63 адам қаза тапты
<p style="text-align:justify">Шығыс Индонезиялық Папуа провинциясында су тасқынынан қаза тапқандар саны 63-ке жетті, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі іздестіру-құтқару қызметінің өкіліне сілтеме жасай отырып.</p>

Бұған дейін 40 адам қаза тауып, 21 адам зардап шекті деп хабарланған.
Агенттіктің ақпараты бойынша, су тасқыны Джаяпура ауданына қатты әсер еткен. Құтқарушылар хабар-ошарсыз кеткен ондаған адамды іздестіру операциясын жүргізіп жатыр.
Сенбі күні провинцияның солтүстік-шығыс бөлігінде көп жауын жауған. Бұдан бұрын хабарланғандай, кем дегенде тоғыз үй мен екі көпір зақымдалған. Қазіргі уақытта үйлері үйі зақымданған 120-ға жуық азамат үкіметтік мекемелердің ғимаратына көшірілді. Бірақ іздеу-құтқару командасы су тасқынынан зардап шеккен аудандардың барлығына жете алмады.