Жаңалықтар
2 мин оқу 1,240

Операцияны кеспей жасайды

<p style="text-align: justify;">Халық аузында &laquo;Совминка&raquo; атанып кеткен Алматыдағы &laquo;Орталық клиникалық ауруханасы&raquo; АҚ нейрохиругтары MicroVention компаниясы өткізген халықаралық симпозиум кезінде тамаша дәрігерлік дәрістер жүргізді.&nbsp;</p>

Операцияны кеспей жасайды

«Эндеваскулярлық әдіспен ми тамырлары аневризмі мен мойы­н тамырларының тарылуын емдеу» шеберлік сағаты кезінде «Қазақ­станның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, жоғары санат­тағы дәрігер-нейро­хирург,  «ОКА» АҚ нейрохирургиялық орта­лы­­ғының жетекшісі Мың­жылқы Бер­діқожаевтың қаты­суымен бір­неше отаның жаңа түрі жасалды. 

– Эндеваскулярлық ота, яғни тамырішілік әдіспен ми тамырларын, тіндерін теспей, кеспей-ақ ота жасауға мүмкіндік береді. Жә­не осы арқылы денсаулыққа төне­тін қауіп барынша азаяды, – дейді Мыңжылқы Сайлау­ұлы. – Эндеваскулярлық хи­рур­гия­ның мәнісіне келсек, дәрі­гер­лер мұн­дай күрделі отаны жасаған кезде, науқастың ағза­сына пышақ ти­гізбей-ақ, қан тамыр­лары арқылы жү­ріп отырады. Адам ағзасындағы сан артериясы, сирек жағдайда ұйқы артерия­лары арқы­лы күре тамырларға екі мил­ли­метрлік катетер салынады. Жі­ңішке катетер қолқа тамырмен ми тамырларына дейін апарылады да, дәрігер көзге көрінбес катетер ұшын­дағы микроқұралмен қажетті әрекеттерін жүзеге асырады. Сон­дай-ақ қанға жіберілген кон­трас­тық сұйықтық арқылы хирургтар катетердің қимылын рентген аппаратымен бақылап отырады.

Қазіргі таңда эндева­ску­ляр­лық емдеу әдісі нейрохирур­гия­да ми тамырлары аневризмін ем­­деу барысында үлкен сұра­ныс­қа ие. Аневризм – бұл ми қан тамырларының тозып, созы­луы­ның нәтижесінде томпайып пайда болатын кесел. Бұл қал­ташық жарылып кеткен жағ­дайда миға қан құйылады.

Дәл қазіргі таңда «Совминка» нейрохирургия орталығының жоғары санаттағы дәрігерлері мұндай заманауи медициналық про­цестерді жақсы меңгеріп, энде­васкулярлық оталардың бар­лық әдістерін сәтті жүзеге асырып отыр. 

Ал жоғарыдағы шеберлік дәрісі кезінде Қазақстан, Ита­лия, Украина мен Латвияның нейро­хи­рургтары өзара тамаша тәжірибе алмасты. 

Айнаш ЕСАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Операцияны кеспей жасайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар