Қазақстан
1 мин оқу 1,100

Сенат тағайындауға келісім берді

<p style="text-align:justify">Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен болған Сенат отырысында Жоғарғы палата депутаттары Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстанның Бас прокуроры етіп Ғизат Нұрдәулетовті тағайындауға келісім берді&nbsp;деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.</p>

Сенат тағайындауға келісім берді

Қазақстан Республикасы Прези­ден­тінің Бас прокурор лауазымына тағайындауына келісім беру Сенат­тың ерекше қарауына жатады және еліміздің Конституциясы мен «Про­ку­ратура туралы» Заңының ережелерінде көзделген. 

Депутаттар ұсынысқа бірауыздан дауыс берді. Жоғарғы палата Төрағасы Қ.Тоқаев жаңадан тағай­ын­далған Бас прокурорға жұмысының табысты болуына және жүктелген мін­деттерді абыройлы атқаруына тілек­тестігін білдірді.

Бөлісу:
Сенат тағайындауға келісім берді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар