Жаңалықтар
1 мин оқу 1,251

Головкин әлемдік рейтингте бір сатыға төмендеді

<p style="text-align: justify;">АҚШ-тың танымал The Ring журналының Р4Р рейтингінде бұған дейін үздік бестіктің қатарында болған қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин бір сатыға төмендеп, қазіргі кезде алтыншы орынға тұрақтады.</p>

Головкин әлемдік рейтингте бір сатыға төмендеді

Бұл тізімде Украинаның мақтанышы Василий Ломаченко көш бастап тұр. Екінші және үшінші орындарда – америкалық Теренс Кроуфорд пен мексикалық Сауль Альварес. Төртінші сатыға тағы бір украиналық боксшы Александр Усик жайғасты. Күні кеше ғана Майки Гарсияны ұтқан АҚШ-тың мықтысы Эррол Спенс бесінші орынға көтерілді. Біздің Геннадий Головкинді орнынан ығыстырған дәл осы өрен.

Сондай-ақ, «ТОП-10» боксшының қатарында жапониялық Наоя Иноуэ, таиландтық Срисакет Сор Рунгвисаи, америкалық Майки Гарсия және филиппиндік Донни Ньетес сынды жуан жұдырықты жігіттер бар.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Бөлісу: