Қазақстан
1 мин оқу 1,000

Матвиенко Нұрсұлтан Назарбаевтың дана саясаткер екенін айтты

<p style="text-align: justify;">Ресей Федерация кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенко Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Президенттік Өкілеттігін тоқтату туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың кемеңгер әрі парасатты басшы екенін айтады.</p>

Матвиенко Нұрсұлтан Назарбаевтың дана саясаткер екенін айтты

«Бұл жаңалық біз үшін күтпеген хабар болды. Назарбаев – өте кемеңгер әрі парасатты саясаткер. Егер ол осындай шешім қабылдаса, осылай жасау керек болғаны», деді В.Матвиенко.

Сондай-ақ ол Нұрсұлтан Назарбаевпен жеке таныс екенін атап өтіп, Елбасының ЕАЭО-ты құру үшін көп жұмыс істегенін және Ресеймен арадағы ынтымақтастықты нығайтуда елеулі келіссөздер жүргізгеніне тоқталды. 

Өз сөзінде В.Матвиенко Парламент Сенатының төрағасы қызметін атқарған Қасым-Жомарт Тоқаевты зиялы, білімді адам екенін айта келе, өтпелі кезеңде Қазақстан сенімді қолда тұрғанын жеткізді. 

Бұдан әрі  Матвиенко Қазақстанның келесі Президенті кім болатынын халық  шешетінін атап өтті.

Бөлісу: