Медицина
1 мин оқу 1,040

Бар қазақтың басын қосқан

<p>Филология ғылымдарының докторы, профессор Кабидаш Қалиасқарұлы Елбасының қабылдаған шешіміне қатысты пікір білдірді.</p>

Бар қазақтың басын қосқан

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі Қазақстанның көркеюіне ерен еңбек сіңірген тұлға. Әсіре­се мемлекет құрушы ұлт – қазақ халқы­ның жаңа бейнесін қалыптас­тыру жолында атқар­ған келелі ісі – әлемде тарыдай шашырап жүр­­ген қазақты атамекеніне шақы­руы. Соның бір дәлелі ретінде ай­­тарым, 1991 жылдың 16 желтоқсанын­­­­­да еліміз тәуелсіздігін жария­­­лай салысымен, арада 24 күн өт­кен соң, яғни 1992 жылы 10 қаң­тар күні шетелдегі қазақтарға қара­тып «Атамекенге қайтың­дар» деген үндеу тастады. Осы тари­хи шешімнің арқасында сырт­та жүрген жүз мыңдаған қан­дас елге оралды. Солардың бірі менмін. 1992 жылы Моңғолия елінен көшіп келдім.

Елбасы әуелі әлем қазақ­тары­ның басын қос­қан кемел тұл­ға ретінде ұлт тари­хы­ның жа­ңа парағын ашты. «Құйыл­сын көшің, жиылсын есің...» деп өзі айт­қанындай, са­йын дала Сары­ар­қаға, желегі жасыл Жеті­суға, мың бояу­лы Маң­ғыс­тауға, мұнай­лы мекен Аты­рауға жан-жақ­тан селдей ағы­л­ып, қазақтың көші құлады. 

Құдая шүкір, бұл – бірнеше ғасыр­да бір болатын бірегей құбы­лыс. Бар қазақтың басын қос­қан ардақты аға аман болсын. Нұре­кең­нің баян­­ды жолы бұзылмасын!

Бөлісу:
Бар қазақтың басын қосқан · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар