Президент
1 мин оқу 1,030

Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті

<p>Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті &ndash; Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.&nbsp;</p>

Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті

Әңгімелесу барысында Тәжікстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық деңгейде мойындалған саясаткер ретінде тәуелсіз Қазақстанның дамуына, сондай-ақ өңірдегі және әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті.

Эмомали Рахмон Тәжікстан халқы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Қазақстан-Тәжікстан стратегиялық серіктестігін ілгерілетудегі тарихи рөлін жоғары бағалайтынын айтты.

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық және алдағы қызметіне табыс тіледі.

Тараптар алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.

Бөлісу:
Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар