Жаңалықтар
1 мин оқу 980
Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті
<p style="text-align:justify">Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті.</p>

Әңгімелесу барысында Ресей Үкіметінің басшысы Дмитрий Медведев Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастырудағы және Еуразиялық интеграцияны дамытудағы тарихи рөлін жоғары бағалады.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведев алдағы уақытта тұрақты байланыстарды жалғастыра беруге уағдаласты.
Бөлісу: