Мемлекет басшысының төрағалығымен кеңес өтті
<p style="caret-color: rgb(0, 0, 0); color: rgb(0, 0, 0); font-family: -webkit-standard; text-align: justify;">Бүгін Ақордада Президент Әкімшілігі басшылығының қатысуымен жиын өтті. Оған Президент Әкімшілігінің Басшысы, оның орынбасарлары, сондай-ақ Президенттің көмекшілері қатысты.<br style="caret-color: rgb(0, 0, 0); color: rgb(0, 0, 0); font-family: -webkit-standard;" /> </p>

Жиын барысында ішкі және сыртқы саясат, әлеуметтік-экономикалық даму, сондай-ақ қауіпсіздік және құқық қорғау органдарының қызметін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Қазақстан Президенті осы саладағы және халықтың тұрмыс-тіршілігі үшін маңызы бар басқа да салалардағы бағдарламаларды сапалы орындауға баса мән берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев барлық бағыттар бойынша туындайтын проблемаларды шұғыл әрі тиімді шешудің маңыздылығын айтты.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы тиісті жұмыстарды үйлестірудің маңыздылығына тоқталып, Президент Әкімшілігіне барлық тапсырмалардың орындалуын бақылауға алуды тапсырды.