Қазақстан
1 мин оқу 930
Велосипедпен бензин тасыған 60 жастағы қазақстандық ұсталды
<p style="text-align: justify;">Қордай шекара отрядының «Сортөбе-авто» бөлімшесінде Қырғыз Республикасына қарай велосипедпен өтіп бара жатқан 60 жастағы қазақстандық ұсталды. Ол өзімен бірге 30 литр «АИ-92» бензинін ала шықпақшы болыпты. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.</p>

«Қордайлық шекарашылар өткен тәуліктерде «Сортөбе» және «Қарасу авто» бөлімшелерінде 148 литрден астам бензин және 700 литр дизель отынын елден заңсыз жолмен шығаруға тосқауыл қойды» делінген хабарламада.
Бөлісу: