Президент
1 мин оқу 1,020

Мемлекет басшысы Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті

<p style="text-align: justify;">Әңгімелесу барысында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.&nbsp;<br /> </p>

Мемлекет басшысы Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағаны үшін Эмомали Рахмонға ризашылық айтып, Қазақстан мен Тәжікстанның өзара ықпалдастығы одан әрі қарқынды дами түсетіне сенім білдірді.

Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады.

Телефон арқылы сөйлесуге Тәжікстан жағы бастамашы болды.

Бөлісу:
Мемлекет басшысы Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар