Аймақтар
1 мин оқу 940

А.Мамин жұмыс сапарымен Алматы облысына барды

<p style="text-align: justify;">Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен&nbsp;барған сапар барысында А.Мамин өңірде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдаулары мен тапсырмаларында айтылған құрылымдық және институционалдық реформалардың орындалуымен танысады.</p>

А.Мамин жұмыс сапарымен Алматы облысына барды

Қазақстанның Қытаймен шекарасында А. Мамин «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» ауқымды жобасының бір бөлігі — «Нұр жолы» өткізу пунктінің жұмысымен танысады. Сонымен қатар көлік-логистикалық кешеннің дамуымен және сауда ынтымақтастығын іске асырумен танысу мақсатында «Қорғас — Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағына және «Қорғас» Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығына барады.

Талдықорған қаласында Премьер-Министр бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына барады, олардың мысалында азаматтардың тұрмыс сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысады.

Бөлісу: