Аймақтар
1 мин оқу 890
Еліміздің бас алаңында Наурыз мейрамы қалай аталып өтті
<p style="text-align: justify;">Қазақ елі монументінің алдындағы алаңда киіз үйлер тігіліп, алтыбақандар орнатылды, асық атудан, гір көтеруден, арқан тартыстан және ұлттық ойындардың басқа да түрлерінен жарыстар өткізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. </p>

Мәдениет және спорт басқармасының хабарлауынша, алаңда қоғамдық тамақтандыру орындары ұйымдастырылып, елорда тұрғындары мен қонақтары Наурыз-көжеден, палау мен ыстық бауырсақтан дәм татты. Шығармашылық ұжымдар шара қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Бөлісу: